ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 595 мыңнан асты

Қоқыстан табылған елтаңба мен прокуратура тақтайшасына қатысты қызметтік тексеру аяқталды

Елтаңбаның Ақтоғай ауданы прокуратурасына тиесілі емес екені анықталды

скриншот: видео

Павлодар облыстық прокуратурасы қоқыстан табылған елтаңба мен прокуратура тақтайшасына қатысты қызметтік тексеріс аяқталғанын хабарлады. Тексеріс барысында елтаңбаның Ақтоғай ауданы прокуратурасына тиесілі емес екені анықталды. Бұл туралы pavloarnews.kz хабарлайды.

Қазір қоқыс полигонына мемлекеттік рәмізді лақтырған адам (дар) анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша Ақтоғай аудандық полиция бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 15 сәуірде Ақтоғай аудандық прокураторысынан лақтырылған қоқыстың арасынан ескі үлгідегі Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы мен аудандық прокуратураның тақтайшасы табылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде майдалап бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.