$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2021, 02:34
Оқиғалар

СҚО кәсіпорындарының бірінде жұмысшы қаза тапты

Жыл басынан бері өңірде еңбек заңнамасын бұзудың 159 дерегі анықталған

СҚО кәсіпорындарының бірінде жұмысшы қаза тапты

Биыл Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарында 4 қайғылы оқиға болып, соның салдарынан  бір адам мерт болды. Соңғы оқыс оқиға сәуір айында «Зенченко» командиттік серіктестігінде болған. Жұмысшы кәсіпорында мерт болды, деп жазады 7152.kz.

СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Сабағановтың айтуынша,«Зенченко» командиттік серіктестігінде болған қайғылы жағдай туралы жұмыс берушінің өзі хабарлапты.

«Зенченко» командиттік серіктестігінде адам өліміне әкелген оқыс оқиға тіркелді. Жұмыс беруші инспекцияға бұл жағдай бойынша өзі хабарласты. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылды. Тергеу нәтижесі бойынша оқиғаның себептерін анықтаймыз. Қайғылы оқиға көбіне жұмыс беруші тарапынан қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеуден және жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болып жатады» - деді СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Сабағанов.

Жыл басынан бері облыс ұйымдарында 55 тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 159 дерегі анықталды. 28 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,2 млн теңге айыппұл төлеген.

Сонымен қатар өңірдің 13 кәсіпорны 1107 жұмысшыға 101,6 млн теңге еңбекақысын уақытында төлемеген. Еңбек инспекциясы тарапынан арнайы тергеу жүргізіліп 96,2 млн теңге жұмысшыларға қайтарылған.

Серіктес жаңалықтары