ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ақмола облысында суға аударылған жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты

Еріген қар суы автожолдың бір бөлігін шайып кеткендіктен, су толы шұңқыр пайда болған

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі су толы шұңқырға батып, жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 16 сәуір күні Бектау ауылының маңында болған.

«Белгілі болғандай, еріген қар суы автожолдың бір бөлігін шайып кеткендіктен, су толы шұңқыр пайда болған. Қиыршық тас зауытына бара жатқан Shaanxi-MAN көлігі батпаққа батып, шыға алмай қалған. Бульдозердің көмегімен сүйреп шығарып жатқанда, жүк көлігі аударылып, су толы шұңқырға түгелдей батып кетті. Көліктен сыртқа шыға алмай қалған жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», – делінген ПД хабарламасында.

Жүргізушінің денесі Нұр-Сұлтан қаласындағы мәйітханаға жіберілді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Әлеуметтік желілерде жүк көлігінің батпақтан шығарып жатқан кезде суға аударылғаны туралы бейнежазба тарады. Онда көлік ішіндегі жүргізушіні куәгерлердің құтқармақ болған әрекеті түсіп қалған.