Тергеу барысында 2,5 млн теңгеге жуық қаражат тәркіленді
Қарағанды қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде астыртын жұмыс істеген покер клубы қызметінің жолы кесілді. Ойын бизнесін 5 адамнан тұратын қылмыстық топ заңсыз ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тергеу барысында 2 млн теңге және 1 мың АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты, ойын карталарының колодасы, фишкалар мен покер ойнауға арналған үстел тәркіленді. Қазір ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару фактілері бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.