16.04.2021, 10:54
Оқиғалар
Павлодарда Toyota жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Павлодарда Toyota жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Сағат 15.04-те Toyota маркалы автокөлігінің жүргізушісі М.Әуезов көшесіндегі 59-шы үйдің ауласында велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Аталған факті тіркелді. Тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - дейді облыстық полиция департаментіндегілер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспсөз қызметінің мәліметі бойынша, бала дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.
Жарақат пунктіне оң жақ жіліншігі табанының соғылуымен жеткізілді. Жағдайы тұрақты деп бағалануда. Амбулаториялық ем тағайындалды.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 08:21
39 жерден пышақтаған: Алматыда сүйіктісін өлтірген экс-полицей 18 жылға сотталуы мүмкін
30.10.2026, 10:04
Жол – елді жалғайтын күретамыр, ал логистика – маңызды күш: депутат Маңғыстаудағы жобаларға тоқталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды