$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2021, 10:12
Оқиғалар

Жаңаөзенде анасы ұлын аяусыз ұрып тастаған

Жасөспірімнің миы шайқалған

Жаңаөзенде анасы ұлын аяусыз ұрып тастаған

Жаңаөзенде анасы ұлын аяусыз ұрып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК-ға сілтеме жасап.

Жаңаөзен полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 сәуірде болған. 16 жастағы жасөспірім жарақат алып, Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасына түскен. Сол жерде  полицияға хабарлаған. Дәрігер медициналық анықтамада пациенттің басынан соққы алу нәтижесінде ми шайқалғанын көрсетті.

«Тергеу барысында Жаңаөзен қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлері жасөспірімді анасының ұрғанын анықтады», - деп хабарлады жергілікті полиция басқармасы.

Қазір жәбірленуші ауруханада емделуді жалғастыруда, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта оны Ақтаудағы бейімдеу орталығына орналастыру жоспарланып отыр.

«Қалалық білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық қызметкерлері анаcын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды», - деп қорытындылады басқармадағылар.

Серіктес жаңалықтары