Шымкентте өзін өртеп жіберген қыз ауруханада көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқыс оқиға 3 желтоқсанда Тассай ауданында болды 

Шымкентте өзін өртеп жіберген 31 жастағы қыз ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Оқыс оқиға 3 желтоқсанда Тассай ауданында болған. 88 жылғы келіншек Юсуф Сайреми көшесіне шығып, үстіне жанармай құйып өзін өртеп жіберген. 

Жәбірленушінің басы, мойны күйіп, жалпы денесінің 85 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, одан нәтиже шықпады.   

Қазіргі уақытта Шымкент полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша, өзін өртеп жіберудің себебі - сүйіктісімен сөзге келіспей қалған болуы мүмкін. 

Оқи отырыңыз: Шымкентте 31 жастағы әйел өзін өртеп жіберді