09.12.2019, 09:23
Оқиғалар
Алматыда монша кешені түгелдей өртеніп кетті
Ғимарат түгелдей ағаштан салынған
Алматыдағы Нұр-Алатау шағынауданында монша кешені түгелдей дерлік өртеніп кетті деп хабарлайды СТВ телеарнасы.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қосымша күш жұмылдырып, маңайдағы үйлерді жалыннан сақтап қала алды. Алдын ала болжам бойынша, өрт аумағы 200 шаршы метрді құраған.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Литтл Таун» моншасының өртеніп жатқаны туралы ақпарат түнгі сағат 00:55-те келіп түскен.
Құтқарушылар жалынды түнгі сағат 02:45-те өшіргендерін айтады. Отты сөндіруге жеке құрамның 60 қызметкері мен 15 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)