04.12.2019, 10:43
Оқиғалар
Шымкентте 31 жастағы әйел өзін өртеп жіберді
Денесінің 80 пайызын күйік шалған әйел ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден
3 желтоқсан күні кешке Юсуф Сареми көшесінің бойындағы ашық алаңда 31 жастағы әйел өз-өзін өртеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол алдын ала үстіне жанармай құйып, сосын өзін өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызын күйік шалған әйел ауруханаға жеткізілді.
Нақтыланбаған мәлімет бойынша, оның өзін-өзі өртеуіне жігітімен айырылысуы себеп болуы мүмкін.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты