$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2019, 04:37
Оқиғалар

Жетісайда жасөспірім құрдасының басына пышақ сұғып алған

Ауыр дене жарақатын алған 10-сынып оқушысы жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан

Жетісайда жасөспірім құрдасының басына пышақ сұғып алған

Ауыр дене жарақатын алған 10-сынып оқушысы жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Қазір осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бірдей бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Ал оқушы сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрдасының басына пышақ сұғып алған жеткіншек бұған дейін де тәртібі қиын оқушылар қатарында болған екен. Мектепке тапанша алып келген бала кәмелет жасқа толмағандықтан, жазадан босатылған. Есесіне, оның анасы әкімшілік жауапқа тартылған. Жаңа оқу жылында ата-анасы оны Д. Қонаев атындағы мектеп- лицейіне ауыстырған екен.

«Мектеп тарапынан барлық баланың тәртібіне қатысты тәрбие жұмыстары жүргізіліп отырды. Мектеп инспекторы Салтөреев Азамат та бұл баланың тәртібінен хабардар. Оның тарапынан құқықбұзушылық болды», – деді Д.Қонаев атындағы IT мектеп-лицейінің директоры Роза Мұсабекова.

27 қараша күні көршілес  №8 мектепте білім алатын құрдасымен ерегісіп қалған бозбала екеуара кикілжіңді шешпек болып, онымен сабақтан кейін жолыққан. Оның соңы төбелеске ұласып, жасөспірім үйінен алып шыққан ас үй пышағын қарсыласының басына сұғып алған. Басынан оңбай жарақаттанған 10-сынып оқушысы Жетісай аудандық орталық ауруханасына түскен. Жағдайы өте ауыр болғандықтан көп ұзамай облыстан санавиация шақыртылып, бала жедел түрде Шымкентке ауыстырылған.

Ал құрдасына қару сілтеген жасөспірім сот санкциясымен қамауға алынды. Егер уақытша ұстау абақтысында отырған жасөспірімнің ісі дәлелденсе, ол заң алдында жауап беруі әбден мүмкін.

 

Дереккөз: Оtyrar.kz

Серіктес жаңалықтары