$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.04.2021, 16:05
Оқиғалар

Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкері жұмыс орнынан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының полицейлері ақша ұрлаған ұрыны ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

10 ақпанда Жезқазған қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінің 25 жастағы кассирі ақшаны жымқырды деген хабарлама келіп түседі. 

Келтірілген шығын 29 миллион теңгені құрады. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады. 
Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне толықтай жұмсап жібергені туралы айтқан. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлімі (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары