Жаңаөзенде 14 жасар жасөспірім тоғыз жылға сотталды
9-сынып оқушылары төбелесіп, салдарынан 15 жастағы Қанағат Аманқосов пышақ жарақатынан мерт болған еді
Жаңаөзенде оқушыны пышақтаған жеткіншекке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 6 ай бұрын болған. 9-сынып оқушылары «Шұғыла» шағынауданында төбелесіп, салдарынан 15 жастағы Қанағат Аманқосов пышақ жарақатынан мерт болған еді. Бірнеше жерден жарақат алған жасөспірімді дәрігерлер аман алып қала алмаған.
Аталған қылмыстық жағдайға байланысты іс қозғалып, іс 3 ай тергеліп, сот үкімі шықты.
«Б есімді жасөспірім ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 7.14-тармақтарымен Маңғыстау облыстық мамандандырылған қылмыстық істер сотымен кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды»,-дейді Жаңаөзен қаласы ПБ ТБ тергеушісі Маңғыстау Джанабев.
Дереккөз: ҚазАқпарат