$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 22:28
Оқиғалар

Қос шендінің туған інісі ұсталғаны туралы хабар тарады

Ерік Біләлов мемлекеттен субсидия түрінде бөлінген 500 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп отыр

Қос шендінің туған інісі ұсталғаны туралы хабар тарады
Фото: 24.kz

Экономикалық тергеудің СҚО бойынша департаментіндегі дереккөздің хабарлауынша, «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС директоры Біләлов Ерік Сұлтанғазинұлы ұсталып, Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды zakon.kz Yedilov Online Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ерік Біләлов мемлекеттен субсидия түрінде бөлінген 500 миллион теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ол 2007 жылдан бастап 2013 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2013-2014 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған Серік Біләловтің және Ақмола облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генералы Берік Біләловтің туған інісі болып келеді.

Серіктес жаңалықтары