Қызылордада 2,5 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған әйел ұсталды
Қызылорда қаласының 1987 жылғы тұрғыны өз кінәсін толық мойындады
Қызылордада 2,5 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырып кеткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция хабарламасына сілтеме жасап.
2021 жылдың 3 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының үш тұрғыны ақшасын қайтару туралы арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсан айында белгісіз біреу үш әйелді алдау арқылы несие алдыртып, 2 500 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Көп ұзамай жәбірленушілер алаяқтан ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ ақшасын алдау жолымен иемденген алаяқ қаражатты қайтаруға асықпаған.
«Басқарманың жұмыста тәжірибесі мол қызметкерлерінің арқасында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 1987 жылғы тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толықтай мойындады. Алаяқтың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - делінген қалалық Полиция басқармасының хабарламасында.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амадары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.