ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отарда тоқтап тұрған вагонның үстіне шыққан жасөспірім көз жұмды

Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысы Отар кентінде темір жолда тоқтап тұрған жүк тасмалдайтын вагонның үстіне шығып кеткен екі жасөспірімнің бірі қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

24 наурыз күні Алматы жүк тасымалдау бөлімшесі Отар бекеті жолында тоқтап тұрған вагонның үстіне шыққан екі баланың бірін тоқ ұрған. Оған Гвардейский қалашығындағы госпитальде алғашқы көмек көрсетілген. Араға бір күн салып денесінің 70 пайызын күйік шалған жасөспірім Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Оқиға орнында болған екінші баланың  жағдайы қалыпты. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі таңда Алматы қаласында ем алуда. Әлеуметтік желілер мен «WhatsApp» месенджерінде жаппай тарап жатқан видеоның Отар ауылындағы оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Сондай-ақ мынау қиын жағдайға тап болған отбасылар халықтан сол видеоны таратпауды өтінуде», - деді Қордай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұлов.