ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Топар көлдер жүйесінде балық қырылу фактісі анықталды

Өңірдегі жағдай ерекше бақылауға алынды

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 1 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Топар көлдер жүйесінде (Алматы облысының Балқаш ауданы) балық қырылу фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Осы көлдер жүйесінің су айдындары «Заготпушнина» ЖШС балық шаруашылығы мен  «Патриот» АБҚБ субъектілеріне бекітілген.

Мұндай жағдайда өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жануарлардың қырылу қаупі және (немесе) өлімі анықталған кезде барлық мүдделі органдар жедел хабардар етіледі.

Балықтың қырылу мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнына Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары мен «Заготпушнина» ЖШС және «Патриот» АБҚБ қорықшылық қызметінің қызметкерлері шықты.   

Бұдан басқа, «балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Алматы облысы бойынша экология департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балық сынамаларын алу мақсатында жолға шығады.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері туралы қосымша ақпарат келіп түсуіне қарай хабарланады. 

Өңірдегі жағдай ерекше бақылауға алынды.