$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 15:21
Оқиғалар

Түркістан облысының полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған зейнеткерді ұстады

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде

Түркістан облысының полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған зейнеткерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері бірнеше рет ұрлық жасаған зейнеткерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Отырар АПБ-не жергілікті тұрғын ұрының құрбаны болғандығы жөнінде хабар беріп, көмек сұраған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзі жұмыс істейтін емхананың қызметтік бөлмесінде тұрған қол сөмкесінен белгісіз азамат жасырын түрде ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның көлемі 50 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188 бабы “Ұрлық” бойынша тіркеді. 

Отырар ауданының полицейлері аталған қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде күдікті анықталып, өз үйінде ұсталды. Ұсталған ер адам жергілікті зейнеткер болып шықты. 

Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің осыдан басқа тағы екі ұрлық жайтына қатыстылығы анықталды. Онда жәбірленушілерге жалпы 40 000 теңгеге жуық шығын келтірілген.

Серіктес жаңалықтары