$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 13:25
Оқиғалар

Ресейде өрт кезінде жүрекке операция жасалды

Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты

Ресейде өрт кезінде жүрекке операция жасалды
Фото: ашық дереккөзден

Благовещенск кардиологиялық орталығының дәрігерлері өрт кезінде ер адамға операция жасап, науқаспен бірге аман-есен ғимараттан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

«Операция ашық жүрекке жасалды. Сондықтан да оны тоқтату мүмкін болмады. Ота сәтті аяқталғаннан кейін науқас пен операциялық топ эвакуацияланды. Науқас қазіргі уақытта облыстық ауруханаға ауыстырылды. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланады, өміріне қауіп жоқ», - деді ақпарат көзі.

Ресейдің Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, тілсіз жау ғимараттың шатырынан шыққан. Алайда нақты себебі жазылмаған.

Өрттің аумағы 1,6 мың шаршы метрді құраған екен. Төтенше жағдай қызметкерлері ұшқышсыз авиациялық жүйенің көмегімен жағдайды әуеден барлаған. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. 1905-1907 жылдары салынған ғимараттан 120-ға жуық адам эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары