02.04.2021, 09:39
Оқиғалар
ШҚО тұрғынының көлігінен еліктің еті табылды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Фото: ашық дереккөзден
ШҚО тұрғынының көлігінен еліктің еті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше күн бұрын Зайсан ауданындағы “Омбы-Майқапшағай” тас жолында “Шевролет Нива” автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Боран ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Зайсан қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы көліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 37 килограмм құрайтын екі еліктің еті және осы азаматтардың біріне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғысы бар тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
24.09.2026, 14:10
Шұғыл жағдай: Каспий теңізінде 19 әскери қызметкер суға кетті, 9-ының мәйіті табылды