Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Ақтөбе облысында ақбөкен аулаған браконьерлер қылмысын жасыру үшін Land Cruiser көлігін өртеп жіберді

Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды

2019 жылдың 5 желтоқсанында сағат 15:45 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе аймақтық филиалының инспекторлары Ақтөбе облысы Шалқар ауданының аумағында рейдтік іс-шара жүргізу кезінде Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлігін байқады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                                     

Автокөліктің ізіне түсу барысында күдіктілер заңсыз аулаған аңдарын жасыру үшін аталған автокөлікті өртеп жіберген.

Содан кейін Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды.

«Ұсталғандар киік атқандарын мойындады. Автомашина салонында атылған ақбөкен шабақтарының екі ұшасы, 12 калибрлі екі мылтық, пышақ, бензин канистрі және 12 калибрлі 50-ге жуық патрон болған», - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында Шалқар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы тексеріс жүргізуде.