28.03.2021, 17:23
Оқиғалар
Шымкентте өртенген көліктен ер адамның денесі табылды
Автокөліктің жану себебі анықталып жатыр
Фото: otyrar.kz
Шымкентте 26 наурызда өртсөндірушілер өртенген көлік ішінен жанып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі "Otyrar" басылымына сілтеме жасап.
26 наурызда Toyota Camry 35 маркалы көлігі өртеніп кетті. Өртенген көліктің ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Автокөліктің жану себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Өрт шыққан жерге ТЖД-нің тоғыз қызметкері мен екі техникасы, екі өртсөндіру қызметкері жұмылды.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)