28.03.2021, 17:52
Оқиғалар
Атырауда 20 күн бұрын жоғалған ер адам өлі табылды
Ол үйден жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен
Фото: azh.kz
Атырауда 26 наурызда кешке Жайық өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Ер адамның туыстарының айтуынша, мәйіт балық аулауға арналған торға оралып қалған. Қазір ол сараптамаға берілді.
6 наурызда Оразғалиев үйден жұмысқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Осы уақыт аралығында оны іздеуге құтқарушылар, кинологтар, еріктілер жұмылған. Жоғалған адам ЖШС-да күзетші болып жұмыс істеген
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды