28.03.2021, 21:55
Оқиғалар
Қарағандыда шахтадан өрт шықты
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Фото: баспасөз қызметінен
Қарағандыда «Саран» шахтасынан өрт шықты. Шахтада транспортер таспасы мен ішкі қаптама жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Саран» шахтасында өрт шыққаны туралы хабарлама 28 наурыз күні сағат 15:36-да келіп түсті. Аумақта технологиялық кешеннің 2 галереясында транспортер таспасы мен ішкі ағаш қаптамасы жанған.
«+24 және +27 метр биіктіктегі 2 галерея құлады. Өрт 16:53-те сөндірілді. Жалын шарпыған аумақтың жалпы ауданы 350 шаршы метрді құрады. Өрт болған жерге су шашу және бұзу жұмыстары жалғасуда. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды