27.03.2021, 23:45
Оқиғалар
Семейде көпқабатты үйдегі өрттен 60 адам эвакуацияланды
2 адам құтқарылды
Фото: ашық дереккөзден
Семейде өрт шыққан бес қабатты үйден 2 адам құтқарылып, 60 адам эвауацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен заттар өртеніп жатқан. Бірінші кезекте құтқарушылар 1946 жылы туған үй иесін сыртқа шығарды. Қарт кісі иіс тию белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер оның 1938 жылы туған жұбайын түтін тұмшалаған бөлмеден алып шықты. Бұдан бөлек көп қабатты үйден 60 адам эвакуацияланды. Оның 20-сы бала», - делінген ведомство хабарламасында.
Өрттің шығу себебі темекі шегу кезіндегі абайсыздық болуы мүмкін.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді