Шымкентте мас күйде көлік жүргізген 13 жүргізуші жауапқа тартылды
15-21 наурыз аралығында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізді

Шымкентте 6 күн ішінде мас күйде көлік жүргізген 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің Патрулдік полиция полкінің қызметкерлері 15-21 наурыз аралығында рейдтік іс-шаралар өткізіп, мас күйінде көлік құралын жүргізген 13 жүргізушіні ұстады.
«Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкі қызметкерлері азаматтарға мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салып, автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.