Шұғыл«Тағы да антирекорд»: Қазақстанда өткен тәулікте 6 521 адамнан коронавирус анықталды

Алматы облысында 12 жасөспірім уақытша оқшаулау орталығына орналастырылды

Өңірде 24-26 наурызда өткізілген іс-шара аясында 468 құқықбұзушылық анықталды

© CC0/Stocksnap

Алматы облысының полицейлері 12 жасөспірімді уақытша оқшаулау орталығына орналастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының аумағында жоспарлы түрде 24-26 наурызда өткізілген «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасының аясында полицейлер екі күн ішінде 468 құқықбұзушылықты анықтаған.

«Профилактикалық әңгіме жүргізу және әкімшілік хаттама толтыру үшін полиция органдарына 400 астам жасөспірім жеткізілді. 468 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Қолайсыз отбасылар есебіне 32 отбасы қойылды», - деді облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы полиция подполковнигі Медет Құнанбаев.

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, 30 материал балалар құқығын қарайтын арнайы комиссияның қарауына жолданған. Ішкі істер органдарының арнайы есебіне 49 жасөспірімді алған тәртіп сақшылары, екі күн ішінде 12 жасөспірімді уақытша оқшаулау орталығына жеткізген.

Балалар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу және оларды қорғау мақсатында өткізілетін жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыс полицейлері 700-ден астам мекеменің қызметін тексерген. Оның ішінде мейрамханалар, компьютерлік клубтар мен сауда орындары бар.