ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Ақтөбеде селфи жасамақ болған қыз ажал құшты

Оқиға 4 желтоқсан күні сағат түнгі он бір кезінде болған

Түнде пойыз жолында ерекше суретке түспек болған қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбеде пойыз қатты жылдамдықпен келе жатып қызды соғып өткен. Бойжеткен түнде ерекше селфи жасамақ болған.

Қайғылы оқиға 4 желтоқсан күні сағат 23.00-де болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

«Авиагородок ауданында екі қыз селфи жасағысы келген. Біреуін қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз соғып өткен», - деп жазылған хабарламада.

2000 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, таң ата көз жұмды.

2017 жылдың маусым және тамыз айларында кәмелетке толмаған 4 бала селфи жасау үшін вагонның үстіне шыққан еді. Оларды тоқ соғып, біреуі қайтыс болды.

Дереккөз: sputniknews.kz