ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

«Надан әкім»: фейсбуктегі «пост» үшін сотқа арызданған шенеунік ұтылып қалды

Аудан әкімі тұрғыннан 5 млн теңге моральдық өтемақы талап еткен

Фото: қызыл галстуктегі Х.Мақсұтов

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық № 2-сотының судьясы Жаманқұлова  аудан әкімі Халел Мақсұтовтың арызы бойынша сотқа тартылған Ерболат Төлеутайды ақтап шықты деп жазады Facebook қолданушысы Ғалия Әженова.

Бұдан бұрын Қарқаралы тұрғыны Ерболат Төлеутай Фейсбуктегі  парақшасында «Надан әкім» атауымен пост жариялаған. Негізгі мәтін – Қарқаралының жамағаты пен тұрғындары Құнанбай қажы және бала шағындағы Абай ескеркішін қаланың ашық алаңына, көрікті жеріне қойылуын көздеген.  

«Дауға толы жиыннан кейін аудан әкімі Мақсұтов жұртшылықтың айтқанына құлақ аспаған шығар, өйткені ақырында ескерткіш мешіт ауласының түкпіріне орналастырылыпты. Әкім «надан» сөзін әдепсіз деп есептеп, Төлеутайдан 5 000 000 теңге моралдық залал талап етті»,- деп жазады Әженова.

Айыпталушы Е.Төлеутай Қарқаралы аудандық сотының судьясы Е.Боранбаевтың істі әрі қарай қарауына қарсылық білдіріп, іс басқа, Қарқаралыдағы Егіндібұлақ ауылында, № 2-ші сотта қаралды. Істі қарау барысында айыптаушы Жала жабу айыбынан бас тартып, тек Қорлау ғана қарастырылсын деген өтініш білдірді. Е.Төлеутайдың постына ресми Сараптама және «Әділ сөз» қорының Қорытындысы дайындалды.

«... сот Е.Ж.Толеутайдың К.М.Максутовты «Надан әкім» Facebook әлеуметтік желісіне мақаласын басып шығарған себебі, К.М.Максутовтың іс-әрекеттеріне деген өзінің жеке көзқарасын көрсеткен деп санайды. Сондықтан Е.Ж.Толеутайдың бұл іс-әрекетінде жеке айыптаушы-жәбірленушіге қатысты абыройын төгу, кемсiту, ондай әрекеттерді кір келтіретін Қазақстан Республикасының ҚК-нің 131 бабының 2 бөлігіменды көрсетілген ойы болмағаны анықталды»,- делінген сот үкімінде.