Қапшағай – Бақанас тасжолында көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

 

Қапшағай – Бақанас тасжолында көлік апатынан 4 адам қаза тапты

Қапшағай – Бақанас тасжолында көлік апатынан 4 адам көз жұмды. Оқиға бүгін сағат 14:15-те болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі аталған қайғылы жағдайды растады. Болжам бойынша, «Toyota Land Crusier» көлігінің 58 жастағы жүргізушісі шығысқа қарай жүріп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Mark 2» көлігіне соғылған.

Оқиға орнында «Toyota Mark 2» көлігінің үш жолаушысы және «Toyota Land Crusier» көлігінің жүргізушісі мерт болды. Бірінші көліктің жүргізушісі мен «Toyota Land Crusier» жолаушысы Қапшағай қалалық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.