$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2021, 20:33
Оқиғалар

Ақмола облысында полицейлер 1 мыңнан астам көлік жүргізушісіне көмек көрсетті

Полиция қызметкерлері мереке күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді

 

Ақмола облысында полицейлер 1 мыңнан астам көлік жүргізушісіне көмек көрсетті
Фото: tengrinews.kz

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты, полицейлер 1000-нан астам автокөлікке ілесіп жүрді. Бұл туралы обылстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мереке күндері бұрқасын, қар көшкіні және көктайғақ болғандықтан күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Қар жауып, жол дұрыс көрінбегендіктен, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде жолдар жабылды. Полицейлердің басты міндеті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар ауа райына байланысты қандай да бір зардаптарға жол бермеу болды.

Атап өтерлігі, жол қауіпсіздік мақсатында патрульдік автокөліктер 1203 автокөлікті, оның ішінде 923 жеңіл және 280 жүк көлік құралдарын жеткізді. Бұл колонналарға автожолдарда патрульдік полицияның 5 экипажы еріп жүрді.

«Сонымен қатар, облыс аумағында 80 қызметкерден тұратын 38 мобильді бекет және 38 бірлік патрульдік автокөлік қойылды, олар елдімекендерден және республикалық маңызы бар автожолдардан шығу кезінде қызмет атқарды», - деп атап өтті Ақмола облысының ПД ЖПҚБ бастығы Серік Баймұқанов.

Полицейлер жүргізушілерден сақ болуды, ауа райының өзгеруін бақылауды, дауыл туралы ескертулерді елемеуді және жолдағы қиын жағдайға тап болған кезде дереу 102 телефонына хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары