$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2021, 14:38
Оқиғалар

ШҚО-да жүзге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Бір тәулік ішінде құтқарушылар 95 адамды қар құрсауынан құтқарды

ШҚО-да жүзге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылары қар құрсауында қалған 95 адамды эвакуациялады. Құтқарылған адамдардың ішінде 5 бала болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 наурыз күні облыс жолдарында құтқару жұмыстары түні бойы жүргізілді. Бір тәулік ішінде құтқарушылар 95 адамды қар құрсауынан құтқарды. Оның ішінде 5-еуі бала», - делінген ТЖД хабарламасында. 

Ауа райының қолайсыздығынан Алматы – Өскемен (967-1048 км, Қалбатау – Ұлан бұр), Семей – Қарауыл (4-182км), Бақыршық – Борсақ (0-18 км), Борсақ ауылы жолы (0-11 км), Алматы – Өскемен (778-967 Аягөз – Қалбатау) жолдары жабылып, қозғалыс шектелді.

ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарынан алыс жолға шықпауды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.  

Серіктес жаңалықтары