Сарыағашта жасырын той жасағандар анықталды
Той иесі мен тойхана әкімшісіне айыппұл салынды
Сарыағашта мейрамханада жасырын той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаштық тәртіп сақшылары Келес ауылында орналасқан тойханалардың бірінде жасырын өтіп жатқан бесік тойдың үстінен түсті. Полицейлер келген қонақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне тарқатты.
Карантинге қарамастан 50-ге жуық қонақтың жиналуына жол бергендерге шара көру мақсатында жинақталған іс-құжаттары Сарыағаш аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Осылайша той иесі мен тойхана әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Тағы да айта кетер жайт, COVID-19 індетінің көлемді таралуына байланысты елімізде карантин режимі енгізілген болатын. Осы тұста Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлерімен 2021 жылдан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жалпы 90-нан аса жайт тіркеліп, СЭББ-ге жолданған.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері күнделіктіқарқынды жұмыс жүргізуде. Тәртіп сақшылары ойын-сауық, сауда-саттық орындарын бақылауда. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде карантин талабының сақталуын назарға алуда.