$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2021, 09:29
Оқиғалар

ШҚО-да оқушылар жаппай уланды

Аудандық Ішкі істер бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады

ШҚО-да оқушылар жаппай уланды
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да 48 бала дене қызуының көтерілуі, құсу және диарея шағымымен дәрігелерге жүгінген. Аудан әкімдігі мен Білім басқармасы балалардың улану себептері мен жағдайларын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews-ке сілтеме жасап.

«Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде оқушылардың дене қызуының көтерілуі, құсуы және диареяға ұшырауы туралы шағымдар тіркелді. 18 наурыз сағат 19-дағы жағдай бойынша 48 баладан шағым түскен. Оның 19-ы Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жіберілді», - деп хабарлады ШҚО білім басқармасы.

Оларға «тамақтан улану» диагнозы қойылды.

«Мектеп асханасында тамақтануды жеке кәсіпкер – жалға алушы ұйымдастырады. Аудандық Ішкі істер бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 304 бабы 1-бөлігі («Абайсызда жаппай ауруға, жұқтыруға, адамдардың сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазір мектеп карантинге жабылып, оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды.

«Аталған факті бойынша таңертеңнен бастап мектепте облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қажетті зерттеулер жүргізілуде. Бақылауды әлсіреткені үшін аудандық Білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Аудан әкімдігі мен Білім басқармасы балалардың улану себептері мен жағдайларын зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды.

Серіктес жаңалықтары