19.03.2021, 09:04
Оқиғалар
Атырау облысында 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталды
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде
Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысының Жылыой ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында пәтер ұрлығын жасауға күдіктілер ретінде Құлсары қаласының 1995 және 1994 жылы туған тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру кезінде күдіктілердің Жылыой ауданында орын алған 15 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдіктілерден алтын бұйымдар мен тұрмыстық техника табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты