16.03.2021, 17:06
Оқиғалар
ШҚО ауылдарының бірінде газдан уланған балалар ауруханаға жеткізілді
Балалар ауруханаға орташа ауыр жағдайда жатқызылды
15 наурызда Глубокое ауданы Секисовка ауылында (ШҚО – ред.) тұратын 15 жастағы жасөспірім мен оның 8 жастағы қарындасы «Ана мен бала» орталығына түскен. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің анасы таңертең пешті жағып, жұмысқа кеткен. Үйде немерелеріне бас-көз болып әжесі қалған.
Түскі астан кейін балалар өзін нашар сезініп, бұл жайлы телефон арқылы анасына хабарлайды. Анасы дереу жедел жәрдем шақырып, балалар ауруханаға орташа ауыр жағдайда жатқызылды.
Ал, балалардың әжесі газдан уланбаған.
ШҚО Төтенше жағдайлар қызметкерлері пәтердегі жылыту пешінің асүйде орналасқанын анықтады. Балалар пештің жарамсыздығынан және оның түтін дұрыс шықпағаннан уланып қалған.
Көп оқылған
24.07.2026, 16:40
«Челси» Дастан Сатпаевқа қатысты шешім жариялады
24.07.2026, 11:51
Екі сағатта 75 рет қоңырау шалып, 35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сұмдық мәлімет жария болды
24.07.2026, 13:17
Айбек Дәдебай: «Түркістан облысы тұрғындарының әрбір мәселесі біздің бақылауымызда болады»
24.07.2026, 17:31
«Жағалау күзеті қайда?»: Алакөлде гидроцикл мінген ер адам демалып жүргендерге қауіп төндірді (ВИДЕО)
24.07.2026, 18:10
Елордада бұрынғы жұмыс орнынан миллиондаған теңгенің кабелін алып кеткен күдікті ұсталды (ВИДЕО)
24.07.2026, 23:27
Қытай зымыраны ұшырылған сәтте оған найзағай түсті