ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

«Қауіп бар»: Ұшақ апатынан аман қалған екі әскеридің жағдайы әлі де ауыр

Олардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салуда 

Фото: ашық дереккөзден

Алмтыдағы ұшақ апатынан аман қалған жігіттің жағдайы әлі де ауыр. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың сөзінше, ҰҚК екі қызметкері жансақтау бөлімінде қатаң бақылауда ем қабылдап жатыр. Екі науқас та әлі шоктан шықпаған.  

«Екі науқастың да жағдайы ауыр, екеуі де шок күйінде. Олардың бірі 1990 жылы туған жігіт. Оның біріккен жарақаттары, жабық краниоцеребральды жарақат, кеуде және аяқтың төменгі сүйектерінің көптеген сынықтары бар. Іште жарақат бар, кеуде қуысының жарақаты және өкпесі де зақымданған. Денесінің 15%-ы күйген. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Бірақ науқастың күйік жарақаты болғандықтан қауіп бар екенін түсінуіміз керек. Біз асқынулардан қорқамыз», - деді басқарма басшысы.

Табынбаевтың түсіндіруінше, дәрігерлер науқастардың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Реаниматолог, травматолог, хирургтар мен өзге де тәжірибелі мамандар жұмылдырылған. 1996 жылы туған екінші әскери қызметкердің де халі нашар. 

«Екінші науқаста аралас жарақаттар, бастың жабық жарақаты, мидың контузиясы, омыртқаның сынуы, көгерген жерлер, бетіндегі жаралар, дене беткі қабатының 50 %-на дейін күйген. Ол әлі күнге дейін шок күйінде жатыр. Бірақ шаралар қабылданып жатыр. Қауіптің белгілері бар, көптеген жарақаттардың бар екенін және алда әлі де асқындыратын факторлардың болуы мүмкін екенін ескеруіміз керек. Сондықтан біз апаттан зардап шеккендерді құтқару үшін көмектің барлық түрін көрсетеміз», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев.

Еске салайық, 13 наурызда Алматы әуежайы маңында  ҚР ҰҚК тиесілі АН-26 ұшағы құлады. Апаттан соң өртке оранған ұшақтың бортында ҰҚК-нің алты офицері болған. Құлаған ұшақтың кесірінен майор Ғабит Барлықбаев (36 жаста), сержант Евгений Васильков (35 жаста), аға лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жаста) және капитан Досжан Баймұратов (35 жаста) оқиға орнында қайтыс болды. Кеше, 15 наурызда қаза тапқан әскери қызметшілер жер қойнына тапсырылды. 

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы