ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

«Жұмабектің бажасымын». Полиция майоры қызметінен шеттетілді

«Бажасының» кесірінен Жұмабек Төлегеннің басы дауға қалды

кадр: видео

8 наурызда Отырар ауданында (Түркістан облысы) Lada Priora мінген жүргізуші жол ережесін бұзып, оны Отырар аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тоқтатқан. Алайда, ер адам полицияның нұсқауына бағынбай, «Жұмабектің бажасымын» деген сөзді айтып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні қуып жетіп, Lada Priora көлігі автотұраққа қойылды. Жиналған материалдар заңды процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ, медициналық тексеру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішпегені анықталған.

Кейіннен белгілі болғандай, Отырар аудандық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы болып Жұмабек Төлеген есімді азаматтың қызмет атқаратыны анықталды. Осы жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, өткен аптада тәртіптік комиссияның шешімімен Отырар аудандық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы (Жұмабек Төлеген) қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.