ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

БҒМ мектептерде биометриялық деректерді заңсыз жинау жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Қазнетте тағы бір ақпарат тарады

көрнекі сурет

Мектептерде балалардың ата-аналарының келісімінсіз биометриялық деректерді жинау және оқушыларды белгісіз бағытта алып кету жағдайлары туралы тараған хабарлама қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде ата-аналарға балаларды педагогтерден жасырынуға үйретуге кеңес берілуде. Өйткені, мектептерде жасырын түрде балалардың биометриялық мәліметтері алынады және оларды кез келген уақытта сабақтан белгісіз бағытта алып кетуі мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Балаға қатысты барлық іс-әрекеттер ата-аналармен келісілуі керек. Бұл ретте сабақ кезінде қандай да бір іс-шаралар өткізуге жол берілмейді. Биометриялық деректерге келсек, бұл - жеке мәліметтер. Педагогтерге оны жинаудың қажеті жоқ», – деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Қазақстанда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодексnің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.