$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2021, 14:57
Оқиғалар

Павлодарда тұрғындардан 100 млн теңгеден астам ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды

Павлодарда тұрғындардан 100 млн теңгеден астам ақша жымқырған алаяқ ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда тұрғындардан 100 млн теңгеден астам ақша жымқырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«11 наурызда Павлодар қаласында жедел қызметкерлер ауыр алаяқтық үшін іздеуде жүрген 1991 жылы туған қылмыскерді ұстады. Жас жігіттің қымбат көлік сатуды сылтауратып, мүлікті иемденіп, қаражатты өз пайдасына жымқырғаны анықталды. Ұсталған адам қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам материалдық залал келтірді. Күдіктінің алаяқтықтың тағы 40 фактісіне қатысы туралы ақпарат бар», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Полиция күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Павлодар облысының Полиция департаменті күдіктінің осыған ұқсас схема бойынша жасалған алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары