$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2021, 04:10
Оқиғалар

Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

31 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен 3,5 келіден асатын «кептірілген марихуана» табылып, тәркіленді

Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме  жасап.

10 наурызда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осыған байланысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары