ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан азамат ұсталды

Ұрланған мал иелеріне қайтарылды

 

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан азамат ұсталды

Тергеу әрекеттері барысында мал ұрысы ұсталып, кінәсін мойындады. Мал иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды semeynews.kz.

Таяуда Күршім ауданы полиция басқармасына «мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 1 бас ұсақ мал ұрлығы фактісі анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

2020 жылы мамыр айының ортасында 45 жастағы ер адамның Марқакөл ауылдық округінде орналасқан «Ашалы» учаскесінің еркін жайылып жүрген жерінен Марқакөл ауылының 50 жастағы тұрынына тиесілі 1 бас ұсақ малды ұрлағаны анықталды.Осылайша, 200 000 теңге көлемінде залал келтірді.

«Осы күні Күршім ауданының полиция басқармасына 52 жастағы ер адам хабарласып, 2019 жылдың қыркүйек айының соңында осы учаскеден белгісіз біреу 3 бас ұсақ мал ұрлағанын айтты. 60 000 теңге көлемінде залал келтірді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Тергеу әрекеттері барысында мал ұрлаушысы ұсталып, мойындау көрсетпесін берді. Мал иелеріне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.