ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қарағандылық жігіт сүйіктісіне сыйлық жасау үшін жұмыс орнынан ақша ұрлаған

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында ауыл азаматы өзінің сүйіктісіне сыйлық жасау үшін қызмет атқаратын мекемеден 200 мың теңгеден астам ақша ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 ақпан күні Қарағанды облысы, Шет аудандық полиция бөліміне аудандағы мекемелердің бірінен ақша ұрланды деген хабарлама түскен. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Алдын ала тергеу кезінде белгісіз біреудің мекеменің кассасы тұрған бөлменің құлпын сындырып, кассадан 225 мың теңге ұрлағаны белгілі болды. Ұрлық оқиғасы ақпан айының 13 нен 14 қараған түні болған. Полиция қызметкерлері ұрлық болған күні мекемедегі бейнекамералардың өшірулі болғанын анықтады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Тергеу барысында күдікті азаматтың ұрлық болған жерде күзетші болып істейтіні белгілі болды. Күдікті өзінің жұмыс кестесінің ақпан айының 13-нен 14-не қараған күнге келгенін пайдаланып, сүйіктісіне ғашықтар күніне сыйлық жасау үшін ұрлыққа барғанын айтқан. Сол күні ол мекемедегі бейнебақылау камераларын сөндіріп, ұрлық жасаған.

Тергеу амалдары жүргізілуде.