Қарағандыда пәтерден ер адамның бөлшектелген мәйіті табылды

Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр

Қарағандыда пәтерден ер адамның бөлшектелген мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда пәтерден 36 жастағы ер адамның бөлшектелген мәйіт табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қарағанды қаласы Университетская көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған. Қайтыс болған ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес ("адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Таныс екі жігіт пәтерде ішімдік ішіп отырып, сөзге келіп қалған. Жанжалдың соңы адам өлтірумен аяқталды. 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары мәйіттің бөлшектелгенін, күдіктінің оны қоқысқа лақтырмақ болғанын жазуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.