$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2019, 09:37
Оқиғалар

«Директор ақша жинайды»: мұғалім шенеуніктерден қысым көретінін айтты

Оның айтуынша, мектеп басшысы оқушыға қатысты дауды «тыныш шешу» үшін қол астындағылардан 100 мың теңгеден жинаған 

«Директор ақша жинайды»: мұғалім шенеуніктерден қысым көретінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында шенеуніктердің, полицияның және оқу орны басшылығының қатысуымен болған даулы оқиға өз жалғасын тапты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Дихан баба ауылының мұғалімі мектеп директоры полицияға пара үшін өз қол астындағылардан 100 мың теңгеден жинап жатқанын айтқан. Оқушы қызға қатысты дауды «тыныш шешу» үшін-мыс. Ол сабақ кезінде кафеде жұмыс істеген.

Полиция кафеге рейд жүргізгенде 9-сынып оқушысын ұстап алған. Сол кезде қыз бала қорқып, тамырларын кесіп, ауруханаға түскен. Құқық қорғау орган қызметкерлерінің бұған көз жұма қарауы үшін, әрине ақша керек болады. Әкімдіктегілер бұған дейін мұғалім осыған дейін айтқанының бәрін теріске шығарып, тіпті түсініктеме жазды деген. Ал физика пәнінің мұғалімі мұны жоққа шығарып, өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді. 

«Мен ешқашан сөзімді кері қайтарып алмаймын, өйткені шын айтамын. Төрт адам келді. Бірі - мектеп директоры, екіншісі - мектеп директорының орынбасары. Мені көлікке отырғызып, аудандық білім бөліміне апарды. Білім бөлімінің бастығы сөз арасында мені қорқыта бастады, барлық видеоларымның заңсыз екенін айтып, сөзімді кері қайтаруға мәжбүрлеп, түсіндірмені күштеп жазғызып алды. Олар қысым көрсетті маған, өтірік жазуға мәжбүр етті», - деді мұғалім Бақытжан Бейсенбаев.

Серіктес жаңалықтары