04.03.2021, 16:21
Оқиғалар
Алматыда босанған әйел перзентханада көз жұмды
Анасы көз жұмғанмен, сәбиі аман қалған
көрнекі сурет
Алматы қаласындағы № 5 перзентханада босанған әйел көз жұмды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның айтуынша, оқиға 2 наурызда болған. Анасы көз жұмғанмен, сәбиі аман қалған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.
Қазір осы жағдайға байланысты перзентханада тергеу шаралары басталған. Оның қорытындысы сот-медициналық сараптама аяқталған соң жасалады.
Бұған дейін БАҚ-тың бірінде босанған әйелдің (Анна Есинбекова - марқұм) қайтыс болары алдында перзентханадағы жемқорлық туралы хабарлағаны жайлы айтылды.
Басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиева әйелдің өліміне аурухана басшылығы кінәлі екені анықталса, басқарма қатаң шара қабылдайтынын жеткізді.
Көп оқылған
21.09.2026, 16:52
Апалы-сіңлілі екі әйел 2 жыл бойы Астананың сол жағалауында 18 жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып келген (ВИДЕО)
21.09.2026, 10:57
«Арасында 52 ұл, 17 қыз бала бар»: ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ата-аналарға шұғыл мәлімдеме таратты (ВИДЕО)
21.09.2026, 09:57
Жетісу облысында төрт жасар бала иен далада жалғыз жүрген - оны пойыздың машинисі құтқарып алды (ВИДЕО)
21.09.2026, 13:08
Машинист байқап қалған: теміржол маңында жүрген төрт жасар бүлдіршіннің ата-анасы табылды
21.09.2026, 08:31
Балиде жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды