$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2019, 12:24
Оқиғалар

Фейк Абылай Мырзахметов Украинада отыр

Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің атынан ашылған фейк-аккаунттың түбі Украинадан табылған. Бұл туралы Абылай Мырзахметов Азаттық рухы тілшісіне телефон арқылы айтып берді.

Фейк Абылай Мырзахметов Украинада отыр

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Facebooк әлеуметтік желісінде Абылай Мырзахметов деген атпен тіркелген аккаунт қымыз бен арақты араластарып, жаңа «Кумысовка» деген өнім ойлап тапқанын жазған еді. 

«Қазір «қара пиар» жасаудың, жала жабудың көптеген технологиясы бар ғой. Менің ойымша, маған қатысты сол әдістердің бірін ұятсыз адамдар қолданып отыр. Ол фейк-аккаунтқа менің ешқандай қатысым жоқ. Кешеден бері біздің (кәсіпкерлер палатасының - агенттік) крипта-қорғаныс комитетіндегі техникалық мамандарға шағымымды айттым. Әзірге білгеніміз, осыны түрткілеп жүргендердің соңы Украинадан шығып жатыр», - деді Абылай Мырзахметов.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құзіретті органдарға шағымданып, бұл фейк-аккаунттің «иесін» сотқа беремін дейді. Бірақ, алдымен нақты қай елден, кімнің жазып отырғанын анықтау керек.

«Құзіретті органдарға шағымданамын. Бірақ, енді Украинаның шетіне қалай жетесің... Бәлкім, Украинаның жергілікті соты арқылы болмаса. Аты-жөндерін де білдік деуге болады. Менің ойымша, сол жақтағы арақ-шарап шығаратын компаниялар өнімдерін енгізу мақсатын көздеп жүрген шығар. Әйтпесе, менің жауларым бар деп айта алмаймын», - дейді ол.

Техникалық қауіпсіздікке жауапты мамандар фейкті дәл табу үшін әлі де тексеру жүргізіп жатыр. Абылай Мырзахметов шын мәнінде бұл қазақстандық ресурстарда да жасалып жатуы мүмкін дейді. Егер фейк-аккаунт Қазақстанда ашылған болса, кәсіпкерлер палатасының төрағасы тез арада сотқа беруге дайын. Айта кетейік, жалған парақшада Мырзахметовтің жемқорлық туралы жеке ойлары да жарық көрген.

«Әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бәлкім осындағы топтар да технологияның осындай әдісін мен арқылы практикаға енгізіп көрмекші шығар. Өкінішке қарай, бұндай жаладан ешбір адам сақтанбаған», - дейді ол.

Шын Абылай Мырзахметов болса, әлеуметтік желіге бүгін тіркелді. Алғы сөзінде әлеуметтік желінің кәсіпкерлермен кері байланыс орнатуға септігін тигізеді деп жазады.

«Ресми парақшамда жеке ойларымды жазамын. Әлеуметтік желінің кері байланысқа қосатын үлесі көп. Бірақ оған уақыт табу керек, сондықтан әлеуметтік желіде күнде отырамын деп айта алмаймын. Бірақ өзекті мәселелер бойынша өз ойымды айтып отырамын», - деді ол.

Еске салайық, Абылай Мырзахметов 2003 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының президенті болған кезде жемқорлық жасады деген күдікпен шартты түрде 5 жылға сотталған болатын. Кейін, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары