18.09.2019, 11:13
Оқиғалар
Павлодарда жас жігіт кәріз суына тұншығып өлді
Екпіні қатты су жігітті 50 метр қашықтықтағы келесі құдыққа дейін алып барған
Фото: sochi-informburo.ru
Павлодарда канализациялық коллекторды жөндеу кезінде кәріз суы жұмысшыны тартып алып кеткен, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Екпіні қатты су жігітті 50 метр қашықтықтағы келесі құдыққа дейін ағызып әкелген. Оның денесін коммуналдық қызмет жұмысшылары сол шұңқырдан алып шықты.
«Әріптестері жұмысшыны шұңқырдан ес-түссіз жатқан күйінде алып шығып, жедел-жәрдем қызметін шақырған. Алғашқы медициналық көмек көсетілді. Алайда Ақсу қаласының тумасы тіл тартпастан көз жұмды», - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы.
Марқұмның кәріз суына тұншыққаны анықталды. Тәртіп сақшылары тиісті сараптамалардың барлығы жасалатынын жеткізді.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді