$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2021, 21:45
Оқиғалар

Ақтауда химиялық заттан уланған екі адам көз жұмды

Тағы 6 адам ауруханаға жатқызылды

Ақтауда химиялық заттан уланған екі адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтауда екі адам химиялық заттан улану салдарынан көз жұмды. Тағы 6 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Құзырлы органдар анықтағандай, Ақтау қаласының тұрғыны «Квикфос» препаратымен (жәндіктерге қарсы препарат) көршілерін ескертпестен өз пәтерін дезинфекциялайды. Пәтерін залалсыздандырып болған соң, үйін кілттеп басқа шағынауданға кеткен. Кейін көршілерінің денсаулығы нашарлай бастаған. Салдарынан көрші әйел мен оның қызы көз жұмды. Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда Ақтау қаласының полиция басқармасы пәтерін дезинфекциялаған тұрғынның жеке басын анықтады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #улану