$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.02.2021, 01:19
Оқиғалар

Алматы облысында үш адамды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті

Қанды қылмыс жасады деп айыпталған 26 жастағы жігіт қамауға алынды

Алматы облысында үш адамды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында полиция қызметкерлері үш адамды асқан қатыгездікпен өлтіріп кеткен күдіктіні алысқа ұзатпай қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

24 ақпан күні таңерте қаладағы тұрғын үйлердің бірінде денесінде зорлық-зомбылық іздері бар үш адамның мәйіті жатқаны туралы хабар түскен. 

Полицейлер марқұмдардың жеке басын анықтады. Қайтыс болғандардың бәрі ішімдікке салынған жандар екені белгілі болды.   

«Полиция қызметкерлері жантүршігерлік қылмысты марқұмдардың ортақ танысы істегенін анықтай алды. Белгілі болғандай, ер адам сол күні таныстарымен бірге спирттік ішімдік ішіп, соңы ерегіске ұласқан. Алайда үш бірдей бөтелкелесін бірден жайратып салған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Ал қолындағы суық қаруын көшеге лақтыра салған. Дегенмен, жедел іздеу тобы қылмысқа қатысы бар тұлғаны бір тәулік ішінде іздеп таба алды. Ол істеген қылмысын мойындады. Күдікті – Ескелді ауданының 26 жастағы тұрғынының бұрын бұзақылық жасағаны үшін сотталғаны анықталды», - делінген Polisia.kz хабарламасында.   

Қазіргі уақытта үш адамның өмірін қиды деп айыпталған азамат қамауға алынды, заттай айғақтар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімімен «Екі және одан да көп тұлғаны өлтіру дерегі» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді. 

Серіктес жаңалықтары