26.02.2021, 12:37
Оқиғалар
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Тағы 6 адам ауруханада жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, алты адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«26 ақпан күні Атамекен ауылынан 10 км жерде екі «Тойота Камри» автокөлігі соқтығысты. Соның салдарынан екі көліктегі 4 жолаушы көз жұмып, алты адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді», - деп жазылған хабарламада.
Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл жол 26 ақпан күнгі сағат 00.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты жабылған. Алайда такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
20.09.2026, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды